Құрмет пен алғыстың белгісі

Ақтөбе медициналық орталығы ауласында «Аялы алақан» архитектуралық мүсіні ашылды. Бұл пандемия кезінде індетпен күрескен барлық медицина қызметкерлеріне көрсетілген құрмет пен алғыстың символы іспеттес. Мүсін Медицина қызметкерлері күніне орай, «Тәуелсіздікке тарту» арнайы жобасы аясында дайындалып отыр. Биіктігі үш метрге жуық нысанның авторы — жергілікті архитектор Қайырбек Таханов. Қоладан құйылған ескерткіште дәрігердің  алақанындағы жүрек пішіні  бейнеленген. Шараның … Әрі қарай оқу Құрмет пен алғыстың белгісі